«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ғылыми тағлымдамалар бағдарламасы

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ғылыми тағлымдамалар бағдарламасы арқылы шетелде тағлымдамадан өту үшін, үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағлымдамадан өту қағидаларына түсініктемелер беру мақсатында 24.02.2025 күні университет қызметкерлеріне брифинг өткізу жоспарланып отыр.
Брифингтің басты мақсаты ғылыми тағлымдама бойынша үміткерлерді іріктеу қағидалары бойынша және конкурсқа қатысу талаптары, сондай-ақ шетелдік білім алудың қолжетімді мүмкіндіктері туралы түсіндіру.
Брифинг 24.02.2025 күні сағат 12:00 де мәдениет сарайының кіші залында өтеді. Барлық оқытушы – профессор, қызметкерлер құрамын (сабақтан бос) қатысуға шақырамыз.
Халықаралық байланыстар департаменті