Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D011400 - «Тарих педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Хакан Астың «Қоңырқожа Қожықовтың қоғамдық-саяси, шығармашылық қызметі: зерттелуі мен оқу үдерісіне енгізу» тақырыбындағы диссертациясын кафедраның кеңейтілген мәжілісінде талқылау.
Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми жетекші:
Тұрсұн Х.М. – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесші:
Т. Данияров – педагогика кафедрасының кандидаты, доцент. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми жетекші:
Гүлжанат Курманғалиева Ержиласун – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Анкара Қажы Байрам Вели университеті, Анкара қ., Түркия Республикасы.
Ресми рецензенттер:
Динашева Л.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Халықаралық Туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Жолсейтова M.– тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертацияны кафедраның кеңейтілген мәжілісінде алдын ала қорғау 2025 жылдың 11 наурыз күні сағат 15.00-де мына мекен-жайда өтеді: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №3 ғимарат, №223 аудитория.