Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау

  • 20.05.2025
  • KZ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «D141-Медицина» (8D10110-Медицина) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесін алу үшін Асан Айнұр Асанқызының «Бүйректің созылмалы ауруындағы дәрі-дәрмектердің клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу»  тақырыбындағы диссертациялық жұмысын алдын-ала қорғау. Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған. 

 

Қорғау тілі - қазақ тілі.

 

Отандық ғылыми кеңесшілер:

Гайпов Абдужаппар Эркинович - Назарбаев Университеті, Медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Керимбаева Закира Амировна – «Астана медицина университеті» КеАҚ, Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Молдалиев Икилас Суиндикович – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медицина факультеті, «Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер» кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы. Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Шетелдік ғылыми кеңесшісі:

Сычев Дмитрий Алексеевич – Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік қосымша кәсіптік білім беру мекемесіның Ректоры, Академик Б.Е. Вотчал атындағы клиникалық фармакология және терапия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының академигі.

Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы.

 

Ресми рецензенттер:

Ташимова Сауле Адасбековна – «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты. Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Скендерова Акбота Айбековна – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы, PhD. Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Диссертацияны алдын-ала қорғау 2025 жылы 2 маусым сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: 161200, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №2 ғимарат,  426 аудитория.