2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

  • 04.04.2025
  • KZ

image

2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ! 

Тіркелу 2025 жылдың сәуір айының 7-18 күндері аралығында Ректорат, 418 кабинетте өтеді.

Тіркелу үшін қажетті құжаттар: 

  • Жеке куәлік/Төлқұжат көшірмесі;
  • Университеттің ресми мөрімен куәландырылған, ағылшын тіліндегі ағымдағы транскрипт. (Транскрипт Ректорат, 1 қабат, 122 кабинетте беріледі);
  • Тілді меңгеру деңгейі көрсетілген сертификат (бар    болған жағдайда).

Іріктеу: 1 кезең. Тіл білімін анықтау емтиханы 21-25 сәуір 2025 ж;

2 кезең. Сұхбаттасу 28 сәуір-2 мамыр 2025 ж.

Нәтижені жариялау және қажетті құжаттарды толтыру: 5-9  мамыр 2025 ж.

 

Бағдарлама ережесіне сәйкес үміткерлерге қойылатын талаптар:

 

- GPA баллы 3,0 ден кем болмауы;

- Мемлекеттік білім грантының иегері болуы міндетті;

- Тек қана бакалавриат студенттері қатыса алады;

- 2025-2026 оқу жылындағы бітіруші курс студенттері қатыса алмайды;

- Бағдарлама тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (Шетел азаматтары қатыса алмайды).

 

Yunus Emre, Лингвистикалық орталық, IELTS, TOEFL сетификаттары бар білімгерлер іріктеу емтиханының 1 кезеңінен босатылады.

 

Сертификаттарға қойылатын талаптар:

Yunus Emre

В2 ден жоғары

Лингвистикалық орталық

В2 ден жоғары

IELTS

5,5 ден жоғары

TOEFL IBT

87 ден жоғары

TOEFL CBT

227 ден жоғары

TOEFL PBT

567 ден жоғары

Қосымша сұрақтар бойынша:

Ректорат, 418 кабинет.

Байланыс телефоны: 9-72-88 (6-36-36 ішкі тел: 12-50, 16-16)

Инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/ayu_international/