Қойма бөлімі, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды

  • 10.04.2025
  • KZ

image

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

1. Орталық қойма,Медиа және PR орталығы

            Қызмет атауы

   Штат бірлігі

1

Қойма бөлімі   -  Қоймашы

1,0 ш.б.

2

 Медиа және PR орталығы  - СММ-менеджер

1,0 ш.б.

  1. Орталық қойма қоймашысы қызметіне жоғары білімі бар және қызметтегі өтілі 1 жылдан кем емес тұлға тағайындалады;
  2. SMM-менеджер қызметіне жоғары,журналист,маректинг және  бойынша кәсіби білімі барсала бойынша еңбек өтілі 1 жылдан кем емес тұлға ьолуы тиіс.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

         1) түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

          күні мен уақыты: 2025 жылдың  18 сәуірі, сағат 18-00 дейін.

 

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/aup.ahch-konkurs-erezhesi-2023.pdf сайтында танысуға болады.