Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе бөлімі | Басшы | 1,0 ш.б. |
2 | Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе бөлімі | Жетекші маман | 4,0 ш.б. |
1 . Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе басшысы қызметіне білімі жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық немесе әкімшілік қызметтерде тәжірибесі 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы тиіс;
2. Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің жетекші маманы қызметіне білімі жоғары, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, білім беру саласында жұмыс өтілі бар болуы тиіс
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2025 жылдың 01 мамыр , сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.