“Жеңістің 80 жылдығына” орай университеттік деңгейде ашық тәрбие сағаты өтеді

  • 25.04.2025
  • KZ

image

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

       Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қасіретті кезеңдердің бірі. Бұл соғыстағы жеңіс – жауынгерлердің қайтпас қайсарлығы мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында келген ұлы ерлік. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек.

     Ұлы Жеңіс – ұлы ерліктің нәтижесі. Сол ерлік – бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі. Біз, ұрпақтары, сол ерлікті ұмытпауымыз керек, оны бағалай білуіміз қажет. 

       Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, филология факультеті орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ОПҚ және білімгерлерінің ұйымдастыруымен өткізілетін Ұлы Отан соғысында ата-бабаларымыздың көрсеткен ерліктері мен қосқан үлесін дәріптеу мақсатында «Жеңістің 80 жылдығына» арналған ашық тәрбие сағатына қатысуға шақырады.

  Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Ардагерлерге тағзым етіп, олардың ерлігі туралы келер ұрпаққа айту, ол біздің азаматтық парызымыз екенін түсіндіру, жастарымызды патриоттық тәрбиеге баулу, жауынгерлеріміздің ерліктерін дәріптеу, бейбіт өмірімізді бағалай білуге үйрету.

 

Өткізу күні мен орны

Күні: 05.05.2025 ж. 

Уақыты: 14-00

Орны: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығының Кіші залы

Ұйымдастырушылар: Филология факультеті, Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы

Жауапты тұлға:Рысбекова Л.Қ

Телефон: +87022373115

Email: rysbekova1966@bk.ru