Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау

  • 25.04.2025
  • KZ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кожамбеков Даулет Рысбековичтің «Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет ретінде орнықтырудың конституциялық-құқықтық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын кафедраның кеңейтілген мәжілісінде талқылау.

Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ғылыми кеңесшілер:

Ахатов У.А. – з.ғ.к., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Заң факультетінің деканы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Жанибеков А.К. – PhD, профессор,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Ректор аппаратының басшысы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.  

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Шабан Кайхан – профессор,  Хасан Калионжы университеті, Түркия.

Ресми рецензенттер:

Иманбекова М.М. – PhD доктор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.

Губайдуллин М. –  заң ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.

Диссертацияны кафедраның кеңейтілген мәжілісінде алдын ала қорғау 2025 жылдың 5 мамыр  күні сағат 10.00-да мына мекен-жайда өтеді: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №1 ғимарат, №432 аудитория.