Ғылым департаментіне Жетекші маман лауазымына конкурс жарияланады
30.05.2025
KZ
2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов даңғылы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөліміне бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Ғылым департаменті
№
Қызмет атауы
Штат бірлігі
1
Жетекші маман
1,0 ш.б.
Біліктілік талаптары: Жетекші маманқызметіне жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті бейіні бойынша білімі бар, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастырутұлға тағайындалады, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Білуге міндетті: ҚР Конститутциясын;
ҚР «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңы;
ҚР «Еңбек кодексін»;
Университеттің Даму бағдарламасын;
Университет Жарғысын;
Университетттің ішкі еңбек тәртібі ережесін:
Өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің бас маманы Балтенова Айнур,электрондық пошта (ainur.baltenova@ayu.edu.kz), байланыс телефоны:8707-903-97-29
Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы
күні мен уақыты: 2025 жылдың5 маусым, сағат 18-00 дейін.