❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

Филология факультеті конкурс жариялайды

  • 08.08.2025
  • KZ
  • 27

image

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

2025-2026 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті оқытушы-профессорлар құрамына  лауазымды орындарға конкурс жариялайды.

Кафедра аты

Оқытушы

Магистр- оқытушы

PhD/ Ғылым кандидаты

Ғылым докторы

Барлығы

1

Қазақ филологиясы

-

2,0

-

-

2,0

- Оқытушы жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және /немесе магистр академиялық дәрежесі, Салалық біліктіліктер шеңбері Педагог кәсіби стандартының 7.1,7.2 деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;

          -ҚР конституциясын;

         - ҚР «Білім туралы» заңын;

         -Ғылым туралы» заңын;

         -«Тіл туралы» заңын;

         -ҚР «Еңбек кодексін»

         -ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын;

         -ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласына қатысты       нормативті-құқықтық құжаттарын;

        -Университет жарғысын;

         -Қызметтік этиканы;

        -Университетің «ішкі еңбек тәртіп ережесін;

        -Кафедра туралы ережені білуі тиіс;

        - Оқытушы-профессорлар құрамы туралы регламент.

 

Біліктілік талаптарымен қосымша университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.

Қосымша деректер:

 

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылдың 22 тамызы, сағат 18.00-ге дейін Ректор атына еркін нысанда өтінішбереді. 

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)

Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды aknur.kaldybayeva@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады. 

Қосымша ақпаратты Кадр бөлімінің қызметкері Калдыбаева Акнур Аймаханбетовна, 8701-326-27-79 телефондарына хабарласып алуға болады. 

 

Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:

Университет қызметкерлері:

  1. Түйіндеме;
  2. ОПҚ үшін факультет деканының өкімімен бекітілген сараптау комиссиясының ұсынысы; 
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  4. Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
  5. Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

 

Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:

  1. Түйіндеме
  2.  Өмірбаян;

3)  Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

5) Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

7) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

8) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 

Ескерту:

  1. Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
  2. Конкурс оффлайн форматта өтеді.