❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

Кадр бөлімі, Жаратылыстану ғылымдары факультеті конкурс жариялайды

  • 15.08.2025
  • KZ
  • 541

image

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

Кадр бөлімі, Жаратылыстану ғылымдары факультеті

           Жұмыс орны

Қызметі

   Штат бірлігі

1

Кадр бөлімі

Жетекші маман

1,0 ш.б.

2

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Маман

1,0 ш.б

1.Кадр бөлімінің Жетекші маманына (заңгер)  жоғары білімі  бар осы салада 1 жылдан  жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс;

2.Факультет маманы қызметіне жоғары білімі бар болуы тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. түйіндеме;
  2. жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  5. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  6. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2025 жылдың  22 тамыз , сағат 18-00 дейін.

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.