2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1.Студенттік асхана
№
Қызмет атауы
Штат бірлігі
1
Сервис қызметкері
1,0 ш.б.
2
Касса операторы (декреттік орын)
1,0 ш.б.
3
Ыдыс жуушы
1,0 ш.б.
4
Еден жуушы
1,0 ш.б.
5
Даяршы(Декреттік орын)
1,0 ш.б.
- Касса операторы қызметіне кәсіби білімі бар осы салада 1 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;
-Даяршы қызметіне кәсіби білімі бар осы мамандықта 1 жылдан кем емес болуы тиіс;
-Өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптардың орындалы тәртібін білу қажет;
-Еңбек техникалық қауіпсіздігін сақтау ережелерін білуі тиіс;
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) Білім туралы дипломдардың көшірмелері;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы
күні мен уақыты: 2025 жылдың 15 қазан, сағат 18-00 дейін.