ХАБАРЛАНДЫРУ
2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасына қосымша тіркелу басталғанын хабарлаймыз. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше университеттеріне 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестрлеріне қосымша бөлінген орындарға 1 семестр бойы оқығысы келетін бакалавриат, магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларды сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Қосымша сұрақтар бойынша: Бас ғимарат 418 кабинет
- Іріктеу емтиханының мерзімі:20 - 21 қазан 2025 жыл
- Нәтижені жариялау және қажетті құжаттарды толтыру: 22 - 24қазан 2025 жыл.
- Қорытынды нәтижесін хабарлау: 14 қараша 2025 жыл.
Құжаттардың тізімі:
Студенттер үшін:
- 1- Транскрипт
- 2- Сертификат В2, С1 деңгейінде (бар болған жағдайда емтиханның 1-ші кезеңінен босатылады)
- ЕСКЕРТУ: «Юнус Эмре В2, С1», «IELTS В2», «TOEFL В2», Университетіміздегі «Лингвистикалық орталықтан В1, В2» деңгейіндегі сертификаттар ғана жарамды.
Оқытушы-профессорлардың ұтқырлығы жайлы:
- 1- Ғылыми дәрежесінің болуы
- 2- Сертификат В2, С1 деңгейінде (Түркия, Азербайжан, Венгрия елдеріне бару үшін)
- ЕСКЕРТУ: «Юнус Эмре В2, С1», «IELTS В2», «TOEFL В2», Университетіміздегі «Лингвистикалық орталықтан В2» деңгейіндегі сертификаттар ғана жарамды.
Тіркелу талаптары:
- Жалпы орташа үлгерім бағасының ең кемі 2,75-4,0 болуы қажет.
- Дайындық факультетінде білім алушылар және жалпы бітіруші курс білім алушылары бағдарламаға қатыса алмайды.
- Білімгерлердің ұтқырлығы 1 академиялық кезең.
- Оқытушылардың ұтқырлық мерзімі бір оқу жылы ішінде бір рет қана, кемінде 2 апта, ал ең көп дегенде бір семестр болуы мүмкін.
- Оқытушылардың атқаратын академиялық жұмыстары аптасына жалпы 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
- Соңғы 3 жылда Орхун ұтқырлық бағдарламаларына қатыспаған болуы керек.