❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

Заң факультеті конкурс жариялайды

  • 10.10.2025
  • KZ
  • 143

image

ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. 2025-2026 оқу жылына Қазақстан Республикасы, Түркістан қ., 29В Саттарханов даңғылы мекен-жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі кафедра меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды.

                                                                 Заң Факультеті

Кафедра атауы

Қызметі

Штат бірлігі

1

Конституциялық және азаматтық құқық

Кафедра меңгерушісі

1,0

2

Қылмыстық құқық

Кафедра меңгерушісі

1,0

Біліктілік талаптары:

-Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлердің тиісті бейін бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін және ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттың болуы, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жыл болуы тиіс;

-ҚР Конститутциясын;

-ҚР «Білім туралы»

-ҚР «Ғылым туралы» заңын

-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

-ҚР «Тіл туралы» заңын;

-ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативті-құқықтық актілерін;

-Білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін;

-Халықаралық ИСО 9001  стандартын және аккредиттеу талаптарын;

-Жоғары және кәсіби білім беру жалпы ережелерін,

-Оқу жоспарларын дайындау тәртібін;

-Студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін;

 

Біліктілік талаптарымен университеттің https://test.ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.

 

Қосымша деректер:

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылдың 24 қазаны, сағат 18.00-ге дейін Ректор атына еркін нысанда өтініш береді. 

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)

Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды aknur.kaldybayeva@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады. 

Қосымша ақпаратты Адам ресурстарын басқару бөлімінің қызметкері Калдыбаева Акнур Аймаханбетовна, 8701-326-27-79 телефонына хабарласып алуға болады. 

 

Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:

Университет қызметкерлері:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
  2. Түйіндеме;
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  4. Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
  5. Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  7. Кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.

 

Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
  2. Түйіндеме

3) Өмірбаян;

4) Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;

5) Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

6) Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  1.  Кафедраның дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.

 

Ескерту:

  1. Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
  2. Конкурс оффлайн форматта өтеді.