❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.

  • 23.10.2025
  • KZ
  • 1275

image

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.

Форумның мақсаты – ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу арқылы экономиканың инновациялық дамуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік пен ғылым арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту.

Іс-шара аясында:

ғылыми жобаларды коммерцияландырудың тиімді құралдары мен қолдау тетіктері таныстырылады;

өндіріс саласындағы өзекті мәселелер мен инновациялық шешімдер талқыланады;

кәсіпкерлер мен ғалымдар арасында әріптестік байланыс орнатуға мүмкіндік беріледі.

???? Өтетін күні: 23.10.2025ж
???? Өтетін орны: Түркістан облысы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, мәжіліс залы С.Қожанов көшесі 42
⏰ Басталу уақыты: 10:30

Форум – инновациялық бастамаларды ілгерілетіп, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін қарастыруға арналған тиімді алаң.