❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Абжалов Сұлтанмұрат Өтешұлына профессор ғылыми атағы берілді

  • 26.09.2025
  • KZ
  • 1759

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №1614 бұйрығына сәйкес Абжалов Сұлтанмұрат Өтешұлына 60300 – «Философия, этика және дінтану» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Осы орайда Теология факультеті  ұжымы Абжалов Сұлтанмұрат Өтешұлын профессор ғылыми атағымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер мен толағай табыс тілейді. Ғылым жолындағы абыройыңыз арта берсін!