❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

Құрметті әріптестер, магистранттар және докторанттар!

  • 28.11.2025
  • KZ
  • 35

Ақпараттық хат

 

Құрметті әріптестер, магистранттар және докторанттар!

 

Назарбаев Университетінің профессорлары PhDқауымдастырылған профессор Антонио Сарриа-Сантамера (PhD, Associate Professor Antonio Sarria-Santamera) және профессор, доктор Аднан Йазыджының (Professor, Dr. Adnan Yazici) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ғылыми семинары аясында 2025 жылғы 03 желтоқсан күні ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған іс-шара жоспарланғанын хабарлаймыз.

BR24992814 «Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы үшін инновациялық технологияларды дамыту және заманауи инфрақұрылым құру» атты ғылыми жобасы аясында Назарбаев Университетінің профессорлары PhDқауымдастырылған профессор Антонио Сарриа-Сантамера (PhD, Associate Professor Antonio Sarria-Santamera) және профессор, доктор Аднан Йазыджының (Professor, Dr. Adnan Yazici) «Ғылыми әлеуетті арттыру: мақалалардың сілтеме алу көрсеткіштері мен ғалымдардың Хирша индексін жоғарылату мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – университет ғалымдарының ғылыми белсенділігін арттыру, олардың зерттеу нәтижелерінің танымалдылығын кеңейту, жарияланымдардың сілтеме алу көрсеткіштерін көбейту және соның нәтижесінде зерттеушілердің Хирша индексін (h-index) көтеруге әдістемелік және практикалық қолдау көрсету.

 

Шеберлік сағатының өткізілу уақыты мен орны:

  • Күні: 03 желтоқсан 2025 жыл
  • Уақыты: 10:00-12:30
  • Өтетін орны: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасының Coworking орталығы (1-қабат)

 

Барлық оқытушы-профессорлар құрамын, магистранттар мен докторанттарды аталған шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.