❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау

  • 14.01.2026
  • KZ
  • 46

         Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абдраманова Назира Кайыпбекқызының «Теория и практика минимизации латентной преступности в системе социально-правового контроля над преступностью в Республике Казахстан» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын алдын ала қорғау. 

Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.

Қорғау тілі: орыс тілі

 

Отандық ғылыми кеңесші:

Алауханов Е.О. – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, ТМД елдерінің қоғамдық және ғылыми қайраткері, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Битемиров Қ.Т. – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Заң факультеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Лебедев С.Я.– заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, Қылмыстық құқық және адвокатура кафедрасының меңгерушісі, А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы

 

Ресми рецензенттер:

Мергенбаев Е.П. – заң ғылымдарының кандидаты, «Қылмыстық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы.

Губайдуллин М.Г. – заң ғылымдарының кандидаты, «Қылмыстық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы.

 

Диссертацияны алдын ала қорғау 2026 жылдың 23 қаңтарында сағ. 15:00-де мына мекен-жайда өтеді, 161200, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №1 ғимарат, №432 ауд.