❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«ҚАЗІРГІ АЙТЫС ӨНЕРІ ЖӘНЕ АҚЫН ТҰЛҒАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

  • 17.03.2026
  • KZ
  • 1352

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 

Қ.А.ЯСАУИ  АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

 

Қазақтың айтыскер ақыны, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері, университетіміздің төл түлегі

Бекарыс Аксакалович Шойбековтің 50 жылдық мерейтойына арналған 

«ҚАЗІРГІ АЙТЫС ӨНЕРІ ЖӘНЕ АҚЫН ТҰЛҒАСЫ» атты 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  

 

Құрметті қазақ руханияты мен ғылымының өкілдері, көзіқарақты зиялы қауым, айтыс өнерін зерттеуші ғалымдар, ғылым жолындағы ізденушілер мен білім беру саласының қызметкерлері!

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2026 жылдың 24 сәуір күні Түркістан кампусында  Қазақтың айтыскер ақыны, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бекарыс Аксакалович Шойбековтің 50 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі айтыс өнері және ақын тұлғасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өтетінін хабарлайды.                 

Конференцияның мақсаты: 

Бекарыс Шойбектің 50 жылдық мерейтойы аясында қазіргі айтыс өнерінің даму үрдістерін, айтыс ақындарының шығармашылық болмысын және ақын тұлғасының ұлттық руханияттағы орнын ғылыми тұрғыдан зерделеу, айтыс өнерінің көркемдік, мәдени және қоғамдық маңызын айқындау, ұлттық сөз өнерінің сабақтастығын талдау, айтыс өнерін зерттеу бағытындағы ғылыми ізденістерді қолдау және жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына серпін беру. Сонымен бірге ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мен насихаттау көзделеді.                                                             Конференцияның міндеттері:

 – қазіргі айтыс өнерінің даму үрдістері мен өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан талқылау, оның ұлттық мәдениет пен руханияттағы орнын айқындау;

 – Бекарыс Шойбектің ақындық мұрасы мен шығармашылығын ғылыми тұрғыдан саралап, оның айтыс өнеріндегі орны мен үлесін бағамдау;

– айтыс өнерінің көркемдік-эстетикалық сипатын, тілдік, поэтикалық және орындаушылық ерекшеліктерін талдау;

– айтыс өнерінің әдебиеттану, тіл білімі, мәдениеттану, тарих, философия және педагогика ғылымдарымен сабақтастығын айқындау;

– ұлттық сөз өнерін зерттеу бағытындағы ғылыми пікір алмасуды жандандырып, жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету.

Конференцияның негізгі бағыттары:

•  Қазіргі айтыс өнерінің даму үрдістері мен өзекті мәселелері;

• Айтыс ақындарының шығармашылық болмысы және ақын тұлғасының қалыптасуы;

• Бекарыс Шойбектің ақындық мұрасы және оның айтыс өнеріндегі орны; 

•Айтыстың поэтикасы, тілдік және көркемдік ерекшеліктері;

• Айтыс өнері және ұлттық рухани құндылықтар;

• Әдебиеттану, тіл білімі, мәдениеттану, философия, педагогика, тарих ғылымдары аясындағы айтыс өнерін зерттеу мәселелері;

• Қазіргі қазақ поэзиясы мен айтыс өнерінің сабақтастығы.

 

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау оларды жариялау құқығын өзінде қалдырады.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, түрік, ағылшын, өзбек, қырғыз.

Конференцияны өткізу: офлайн, онлайн (тікелей көрсетілім).

Конференцияға қатысу үшін өтініш беру тәртібі:

Баяндамалар  ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2026 жылғы 15 сәуірге дейін төмендегі көрсетілген электронды пошаталарына жіберілуі тиіс.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  

 Ұйымдастыру комитеті:  

  • Электронды пошталар: 
  • Алашбаев Ерлан Жорабекұлы, тел.: +7-771-348-38-79;  yerlan.alashbayev@ayu.edu.kz
  • Исаева Жазира Исақызы, тел.: +7-702-342-57-77; zhazira.isaeva@ayu.edu.kz
  • Толысбаева Әдемау Тұрдыбайқызы, тел.: 7-702-951-28-28

ademau.tolysbayeva@ayu.edu.kz

  • Байымбетова Раушан Калхабаевна, тел.: 7-701-172-01-84

raushan.baiymbetova@ayu.edu.kz

 

Материалдарды рәсімдеу тәртібі

Мақала мәтіні (10 беттен аспауы тиіс) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2,0 см, сол жағы — 3 см, оң жағы – 1,5 см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25 см) жазылуы тиіс. 

            Келесі жолдың ортасында мақаланың тақырыбы қою әріппен жазылады. 

           Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда ұйым, қала атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер әр бетте төртбұрышты тік [1; 23] жақшаларда беріледі, олардың тізімі соңында мәтінде берілу ретімен ресімделеді. Беттер нөмірленбейді. Кесте мен суреттер мәтіннің ішінде беріледі, кестелердің жоғары жағында тақырыбы, ал суреттердің астыңғы жағында атауы болуы тиіс. Файл автордың тегі және аты-жөнімен аталғаны дұрыс.

 

 

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ

Авторлардың аты-жөні

 Жұмыс орны, ғылыми атағы, қаласы 

               Жұмыс орны, ғылыми атағы, қаласы, 123456@mail.ru

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1].

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2].

Пайдаланылған әдебиеттер:

1

2

 

ІЗГІ НИЕТПЕН: ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ.

Құрметті әріптестер, Сіздерді қазақ руханияты мен әдебиеттану, айтыс өнері мен ақын тұлғасын зерттеу әлеуетін арттыруға арналған маңызды конференцияға белсенді қатысуға шақырамыз!