❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

  • 30.03.2026
  • KZ
  • 1283

image

2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ! 

  • Тіркелу 30.03.26-12.04.26 күндері аралығында Ректорат, 418 кабинетте өтеді.

Тіркелу үшін қажетті құжаттар: 

Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі

Университеттің ресми мөрімен куәландырылған, ағылшын тіліндегі ағымдағы транскрипт. (Транскрипт Ректорат, 1 қабат, 122 кабинетте беріледі);

Тілді меңгеру деңгейі көрсетілген сертификат (бар болған жағдайда).

  • Іріктеу: 1 кезең. Тіл білімін анықтау емтиханы 13-17 сәуір 2026 ж.

              2 кезең. Сұхбаттасу емтиханы 13-17 сәуір 2026 ж.

  • Нәтижені жариялау және қажетті құжаттарды толтыру: 27-30 сәуір 2026 ж.

 

Бағдарлама ережесіне сәйкес үміткерлерге қойылатын талаптар:

 

- GPA баллы 3,0 ден кем болмауы;

- Мемлекеттік білім грантының иегері болуы міндетті;

- Тек қана бакалавриат студенттері қатыса алады;

- 2026-2027 оқу жылындағы бірінші  және бітіруші курс студенттері қатыса алмайды;

- Бағдарлама тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (Шетел азаматтары қатыса алмайды).

 

Yunus Emre, Лингвистикалық орталық, IELTS, TOEFL сетификаттары бар білімгерлер іріктеу емтиханының 1 кезеңінен босатылады.

 

Сертификаттарға қойылатын талаптар:

Yunus Emre

В2 ден жоғары

Лингвистикалық орталық

В2 ден жоғары

IELTS

5,5 ден жоғары

TOEFL IBT

87 ден жоғары

TOEFL CBT

227 ден жоғары

TOEFL PBT

567 ден жоғары

Қосымша сұрақтар бойынша:

Ректорат, 418 кабинет.

Байланыс телефоны: 9-72-88 (6-36-36 ішкі тел: 12-50, 16-16)

Инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/ayu_international/