ҚожаАхметЯсауиатындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Ректораты
Жас мамандар назарына!
Университетіміздің 80-ші Өкілетті Кеңес мәжілісінің 7-ші шешіміне сәйкес, Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан шәкіртақы тағайындалып, Түркия Республикасы университеттерінде “жоғары оқу орнынан кейін білім алуға,медицина саласы бойынша кәсіби біліктілік арттыруға” жіберілетін мамандар үшін 2026-2027 оқу жылына берілген контингенттерге конкурс жариялайды:
N
Мамандық атауы
Докторантура
Кәсіби біліктілік арттыру және мерзімі
1
Денешынықтыру және спорт
1
2
Халықаралық қатынастар
1
3
Қаржы
1
4
Педагогика және психология
1
5
Мектепке дейінгі білім беру
1
6
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
1
7
Шетел филологиясы:ағылшын тілі
1
8
Аударма ісі: ағылшын тілі
1
9
Нейрохирургия
1 (1 жыл)
10
Урология
1(1 жыл)
11
Окулист
1(1 жыл)
12
Радиология
1(1 жыл)
Жалпы хирургия (проктолог)
1(1 жыл)
Жалпы саны
8
5
Үміткерге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар:
Университет ректоры атына өтініші;
Жеке куәлік көшірмесі;
Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткер магистратура және докторантура бағдарламасына сәйкес мамандық бойынша бакалавриат/магистратура бағдарламасын бітіруі;
Жоғары білімі туралы дипломы мен қосымшасы көшірмелерінің нотариалды куәландырылған болуы;
Медицина саласында мамандануда біліктілік арттыруға жолданатын үміткер ең соңғы алған дипломдағы орташа үлгерім ұпайы кем дегенде 3.40/4.00 немесе 85/100 және одан жоғары ұпай жинаған болуы;
Докторантура бағдарламасына жолданатын үміткердің ең соңғы дипломдағы орташа үлгерім ұпайы кем дегенде 3.00/4.00 немесе 75/100 және одан да жоғары болуы;
Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің кем дегенде 1 (бір)ғылыми мақаласының жарияланған болуы;
Өтініш берілген күннен бастап соңғы 5 (бес) жыл ішінде Юнус Эмре институтының немесе университетіміздің Лингвистикалық орталығыныңтүрік тілі біліктілік емтиханынан ең кем В2 деңгейі сертификаты иегері болуы;
Тәртіптік шараға тартылмаған болуы;
Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің жасы 35-тен аспаған болуы қажет.
Медицина саласында мамандануға жолданатын үміткердің маман сертификатының болуы;
Оқуына кедергі болмайтын ауыр науқасқа немесе жұқпалы ауруға шалдықпағанын растайтын денсаулығы туралы анықтамасының болуы;
Ескертулер:
Докторантура бағдарламасына конкурс жарияланған мамандықтар бойынша магистратура бағдарламасын аяқтамаған үміткер өтініш білдірген жағдайда үміткердің құжаттары магистратура бағдарламасын 2025-2026 оқу жылының 28-маусымына дейін аяқтау шартымен қабылданып, конкурска қатыстырылады. Құжаттары шартты түрде қабылданған үміткер конкурс нәтижесінде жоғары ұпай жинаса, мамандыққа берілген контингентке қабылдану құқығына ие болады. Алайда, конкурсқа қатысып, жоғары ұпай жинап контингентке қабылдану құқығына ие бола тұра магистратура бағдарламасын аяқтай алмаған жағдайда үміткер докторантура бағдарламасына қабылдану құқығынан айырылады.
ХҚТУ-іне білікті оқытушы мамандарды даярлау мақсатында ЖОО-да білім алуын табысты аяқтаған үміткерлер жіберілетіндіктен екі елдің жауапты тұлғалары шеңберінде мұқият түрде базалық білім нәтижелері, түрік тілі біліктілік деңгейі және саласы бойынша жасаған ғылыми жұмыстары сарапқа салынады. Үміткерлер білім алуларын бастамай тұрып, университет Ректоратымен “Міндетті қызмет атқару” келісімшарты және кепілдік міндеттеме жасалады. Оқуын сәтті аяқтаған мамандар Түркияда қанша мерзім шәкіртақылы негізде білім алған болса (демалыс күндерін қосқанда) сонша мерзім көлемінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қазақстандағы құрылымдық бірліктерінің бірінде міндетті қызмет атқаруы тиіс. Шәкіртақы тағайындалған тұлға түзілген келісімшарт талаптары негізінде міндетті қызметіне кіріспеген жағдайда немесе жұмыс мерзімі аяқталмай тұрып университеттегі жұмысынан өз еркімен босаған жағдайда білім алуы үшін жұмсалған (шәкіртақы мен басқа да төлемдер) қаражат барлығы заңды пайызымен есепке алына отырып, заңды пайызымен нақты немесе белгілі бір мөлшерін (белгіленген мерзімдер аралығында теңдей бөлшектерін жүйелі қайтару арқылы) Қазақстан Республикасының азаматтары Ректоратқа қайтаруға міндеттеледі.
Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 01- 30 сәуір аралығы.
Қабылдау жұмыстарына байланысты ақпараттар туралы қосымша хабарлама беріліп отырады.
Құжаттар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, № 29, Ректорат ғимаратының 3-қабаты, 304-бөлмесінде 10.00-17.00 ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс 13.00-14.00 дейін
Байланыс телефондары:8 702 498 06 65Динара Зулпихарова