Жастар практикасы - жас мамандарға тиімді бағдарлама!

  • 02.04.2024
  • KZ

image

Құрметті бітіруші түлектер, жас мамандар!

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығы мен Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Жастар практикасы бағдарламасын университет бітіруші түлектеріне толыққанды кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін, Түркістан қалалық мансап орталығы басшылығымен кездесу іс-шарасы ұйымдастырылуда.

Іс-шарада бітірушілер мен түлектерге Жастар практикасы бағдарламасы және әлеуметтік қолдаулар туралы ақпараттар толық түсіндірілетін болады.

Өтетін күні мен уақыты:   03.04.2024 жыл, сағат 11:00 

Өтетін орны: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығы, үлкен зал