Тұрақты жасыл кампус – болашаққа жасалған жасыл қадам!
Тұрақты жасыл кампус – болашаққа жасалған жасыл қадам!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аумағында, университет басшылығының қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған «Тұрақты жасыл кампус» атты тал отырғызу іс-шарасы Экономика және басқару факультетінің ұйымдастыруымен болып өтті.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін күшейтіп, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етті. Университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер бірігіп, кампус аумағына жасыл желек отырғызу арқылы табиғатты қорғаудың маңызды үлгісін көрсетті.

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
