❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Адал ұрпақ тәрбиелеу – әр отбасының азаматтық борышы»

  • 19.02.2026 00:00
  • Теология факультеті

image

???? ТПД-311 тобында тәрбие сағаты өтті

ТПД-311 тобының кураторы, оқытушы Жаркинбаева Динара студенттерге
«Адал ұрпақ тәрбиелеу – әр отбасының азаматтық борышы» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол тәрбие сағатын өткізді.

Кездесу барысында адалдық ұғымының мәні, отбасы тәрбиесінің рөлі, қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер өз пікірлерін ашық айтып, өмірлік мысалдар келтіріп, белсенділік танытты.

Тәрбие сағаты еркін диалог форматында өтіп, болашақ мамандардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталды.

???? Адалдық – жеке қасиет қана емес, тұтас қоғамның болашағын айқындайтын құндылық екені ерекше атап өтілді.