❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

???? Заң мен қоғам: сталкингке қарсы қорғаныс тетіктері

  • 20.02.2026 10:58
  • Теология факультеті

image

???? Заң мен қоғам: сталкингке қарсы қорғаныс тетіктері

ТТо-511 тобының кураторы Ибадулла Ысқақ студенттермен маңызды әрі өзекті тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.

Бүгінде сталкинг — тек жай мазалау емес, бұл адамның жеке өміріне қол сұғу, психологиялық қысым көрсету, қауіпсіздікке қатер төндіру. Осындай жағдайда заң қандай қорғаныс береді? Құқығымызды қалай қорғаймыз? Қайда жүгінеміз?

Кездесу барысында:
???? сталкинг ұғымының құқықтық сипаты талқыланды;
???? заңнамалық қорғаныс тетіктері түсіндірілді;
???? нақты өмірлік мысалдар қарастырылды;
???? студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған пікір алмасу өтті.

Бұл — жай ғана тәрбие сағаты емес, бұл — қауіпсіз қоғам құруға бастайтын қадам.

Құқығын білетін ұрпақ — қауіпсіз болашақ кепілі. ✊