Ислам және тазалық: табиғатты қорғау – аманат



Ислам және тазалық: табиғатты қорғау – аманат
ТДТ-311 тобының кураторы студенттерге «Ислам және тазалық: табиғатты қорғау – аманат» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді.
Семинар барысында тазалықтың Ислам дініндегі орны, қоршаған ортаға жанашырлықтың рухани маңызы және табиғатты сақтау әрбір адамның аманаты екені кеңінен талқыланды. Студенттер табиғатқа жауапкершілікпен қарау – тек экологиялық емес, сондай-ақ адамгершілік міндет екенін түсінді.
Кездесу форматында өткен бұл шарада жастар өз ойларын ортаға салып, ортақ құндылықтар төңірегінде пікір алмасты.
✨ Табиғатты қорғау – бүгінгі ұрпақтың саналы таңдауы және болашақ алдындағы жауапкершілігі.