Спорт факультетінің білім алушылары балалар ауылында рухани-спорттық шара өткізді



Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультетінің білім алушылары мен оқытушылары «Төлеген Тәжібаев атындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде рухани-спорттық шара өткізді.
Қасиетті айда жасалған әрбір игі іс – жүректен шыққан шынайы ниеттің көрінісі. Бұл жолы ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – тек қамқорлық көрсету емес, балаларға қолдау білдіру, сенім ұялату және олардың бойындағы әлеуетін ояту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар балалармен еркін сұхбат құрып, спорттық белсенділіктің маңызын түсіндіріп, түрлі танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың басты ұстанымы – есіркеу емес, елеу; мұқату емес, жігерлендіру; сынау емес, спортқа насихаттау; аяушылық емес, ар-намысты асқақтату. Сонымен қатар немқұрайлық емес, назар аудару; бейжай қарау емес, белсенді араласу; топқа бөліну емес, әлеуметтік теңдікті нығайту; өзімізді жарнамалау емес қоғамды игі іске шақыру болды.