❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы және кемел адам концепциясы»

  • 13.03.2026 11:00
  • Теология факультеті

image
 

13.03.2026 ж. күні Теология факультетінде ТФД–311 тобының білімгерлері мен топ тәлімгері Н. Жаныкуловтың ұйымдастыруымен «Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы және кемел адам концепциясы» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Абайдың рухани-философиялық мұрасын танытып, оның шығармаларындағы «толық адам» ілімінің мәнін түсіндіру және білімгерлердің рухани-адамгершілік дүниетанымын кеңейту болды.

Кіріспе сөз сөйлеген Н. Жаныкулов Абайдың қазақ руханиятындағы орнына тоқталып, оның адамгершілік, имандылық, білім мен парасатқа негізделген ойларының маңызын атап өтті. Сонымен қатар Абай іліміндегі ақыл, жүрек және қайрат үйлесімі арқылы қалыптасатын кемел адам түсінігіне тоқталды.

Іс-шара барысында білімгерлер Мамай Ерлан мен Тәжібеков Мадияр баяндама жасап, Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі адамгершілік, білімге ұмтылу, нәпсіні тәрбиелеу және жүрек тазалығы секілді құндылықтардың маңызын талдады.

Тәрбие сағаты соңында студенттер Абайдың кемел адам туралы ілімі бүгінгі жастардың рухани дамуы үшін маңызды өмірлік бағдар екендігін атап өтті.