«Заң мен тәртіп: буллингтің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында тәрбиелік семинар өтті



«Заң мен тәртіп: буллингтің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында тәрбиелік семинар өтті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінде факультет кураторы Омаров Бақдәулет ТТО–411 тобының студенттерімен «Заң мен тәртіп: буллингтің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында тәрбиелік семинар өткізді.
Семинар барысында қоғамда жиі кездесетін буллинг мәселесі, оның жастар арасындағы көріністері және құқықтық салдары кеңінен түсіндірілді. Студенттерге буллингтің тек әлеуметтік мәселе ғана емес, сонымен қатар заң алдында жауапкершілікке алып келетін әрекет екендігі айтылып, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды.
Іс-шара барысында білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, тақырып аясында сұрақтар қойып, мазмұнды пікір алмасу жүргізілді. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.