❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Қоршаған ортаға жанашырлық – азаматтық парыз»

  • 19.03.2026 14:00
  • Теология факультеті

image
 

Теология факультетінің ТТО-511 тобының кураторы Ибадулла Ысқақтың ұйымдастыруымен «Қоршаған ортаға жанашырлық – азаматтық парыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында студенттерге табиғатты қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, экологиялық жауапкершілік әрбір азаматтың борышы екені атап өтілді. Студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтіп, тәрбиелік маңызы зор болды.