Студенттермен ауызашар: тәрбие мен бірлік



Студенттермен ауызашар: тәрбие мен бірлік
Қасиетті Рамазан айының берекелі кешінде Теология факультетінің ТПД-511 тобының студенттері топ кураторымен бірге ауызашар дастарханында бас қосты. Бұл кездесу тек қана ауыз ашу емес, тәрбиелік мәні терең, бірлік пен сыйластықты арттыратын маңызды шара болды.
Кеш барысында студенттер өзара жылы әңгіме құрып, рухани құндылықтар, адамгершілік, құрмет пен жауапкершілік туралы ой бөлісті. Куратор тарапынан айтылған тағылымды ақыл-кеңестер жастарға ерекше әсер қалдырды.
Осындай мазмұнды басқосулар студенттер арасындағы достықты нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыруға үлкен ықпал етеді.