«Тазалық – бақылаудан емес, тәрбиеден»



«Тазалық – бақылаудан емес, тәрбиеден» тақырыбында Теология факультетінің 1-курс студенттеріне арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Таза Қазақстан акциясы аясында табиғат аясында өткізіліп, студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Тәрбие сағатын топ эдвайзері Ибадулла Ысқақ жүргізді.
Іс-шара барысында студенттер табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және жеке жауапкершілік туралы маңызды ойлармен танысып, пікір алмасты. Мұндай тағылымды кездесулер студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және қоғамға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға зор ықпал етеді.