«Қазіргі жастар және азаматтық жауапкершілік»
Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің тұрақты дамуының берік негізі. Ол елдің құқықтық жүйесін айқындап, қоғам өмірінің барлық саласының үйлесімді дамуына бағыт-бағдар береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың тиімді жүзеге асуы – қоғамның әрбір мүшесіне, әсіресе жастардың белсенділігі мен сапалы біліміне тікелей байланысты.
Осыған орай, жаңа Конституция жобасын кеңінен насихаттау мақсатында Теология факультеті мен Экономика және басқару факультетінің студенттері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның маңызын жан-жақты түсіндіру және олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Кездесу барысында Заң факультетінің Қылмыстық құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Мегенбаев Ержан студенттерге «Қазіргі жастар және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасап, мәселенің өзектілігін кеңінен түсіндірді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Нәтижесінде, мазмұнды әрі танымдық бағытта өткен кездесу қатысушылар үшін пайдалы да әсерлі болды.