❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Толық адам: қоғамды өзгертетін тұлға моделі»

  • 16.04.2026 11:30
  • Теология факультеті

image

Теология факультетінің «Дінтану–психология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне эдвайзер Ақназарова Раушан «Толық адам: қоғамды өзгертетін тұлға моделі» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты барысында «толық адам» ұғымының мәні тереңінен ашылып, тұлғаның рухани кемелденуі, адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіру, жауапкершілік пен адалдық секілді қасиеттердің қоғам дамуындағы маңызы кеңінен талқыланды. Студенттермен еркін пікір алмасу жүргізіліп, олардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған тағылымды сұрақтар қойылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынның саналы тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, олардың ішкі рухани әлемін байытып, өмірлік ұстанымдарын айқындауға бағыт беру. Тәрбие сағаты барысында айтылған ойлар студенттерге терең әсер қалдырып, өз-өзімен жұмыс істеуге, тұлғалық дамуға деген ынтасын арттырды.

Жалпы, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің рухани-адамгершілік дамуына оң ықпал етті.