❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Психологиялық тренинг: стрессті басқару және эмоцияны реттеу жаттығулары»

  • 16.04.2026 09:30
  • Теология факультеті

image

Теология факультетінің аға оқытушысы, психолог Жаркинбаева Динара «Дінтану–психология» білім беру бағдарламасының 1 және 3 курс студенттеріне «Психологиялық тренинг: стрессті басқару және эмоцияны реттеу жаттығулары» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара барысында студенттерге стресс жағдайында өзін-өзі басқару, эмоцияларды дұрыс реттеу және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер таныстырылды. Тренинг интерактивті форматта ұйымдастырылып, түрлі психологиялық жаттығулар мен тәжірибелік тапсырмалар арқылы қатысушылардың белсенділігі арттырылды.

Шараның басты ерекшелігі – студенттердің толықтай қатысуы мен жоғары қызығушылық танытуы болды. Әртүрлі ойын элементтері мен топтық жұмыстар арқылы студенттер тақырыпты тереңірек түсініп, өз тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік алды.

Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіп, білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттыруға, күйзеліске төзімділігін қалыптастыруға және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.