Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын өмірдің таңдауы



Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасының PhD., аға оқытушысы Тұрсынбаева Назира Жолдасбекқызы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекеніндегі №67 мектептің бітіруші түлектерімен кездесу өткізіп, кәсіби бағдар беру бағытында семинар ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, болашақта сұранысқа ие мамандықтар, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері және жеке қабілет пен қызығушылыққа сәйкес мамандық таңдаудың жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Семинар барысында мектеп түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жас түлектердің саналы түрде мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, олардың болашаққа деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Болашаққа дұрыс қадам жасау – дұрыс мамандық таңдаудан басталады!