«Заңға құрмет – тұрақты қоғамның негізі»



Теология факультетінде куратор Базарбаева Зиеада студенттерге «Заңға құрмет – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Кездесу нақты әрі ашық форматта өтті. Студенттермен заңға бағыну, күнделікті өмірдегі тәртіп, жауапкершілік сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Әсіресе жастар арасында жиі кездесетін жағдайлар мысал ретінде алынып, олардың дұрыс шешім жолдары бірге қарастырылды.
Студенттер өз ойларын еркін айтып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл формат тақырыпты тек тыңдап қана қоймай, түсінуге және өмірмен байланыстыруға мүмкіндік берді.
Іс-шараның басты ерекшелігі – артық теориясыз, нақты өмірмен байланыста өтуі болды. Нәтижесінде студенттер заңға құрметтің тек талап емес, жеке жауапкершілік екенін нақты түсінді.