❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

КИЕЛІ МЕКЕНГЕ САЯХАТ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

  • 25.04.2026 10:50
  • Ақмешіт, Домалақ ана

image

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің «Тарих» кафедрасының ГТА-311 тобының студенттері жетекшілері Назыгуль Каттабекова және Шынар Нурмановамен бірге Түркістан облысының інжу-маржандары – Ақмешіт үңгірі мен Домалақ Ана кесенесіне тарихи-танымдық экскурсия жасап қайтты.

Шара барысында студенттер еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен танысып, киелі орындарды аралау этикасы мен экологиялық жауапкершілік туралы дәріс алды. Бұл сапар жай ғана саяхат емес, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы маңызды қадам болды. Студенттер киелі орындардың тарихымен танысып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғаудың, тарихи ескерткіштерді таза ұстаудың үлгісін көрсетті.

 

Біздің мақсат:

Рухани құндылықтарды ұлықтау;

Туған жердің табиғатын аялау;

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тазалық – иманның, ал тарихи жады – елдіктің белгісі!