❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»

  • 29.04.2026 15:20
  • Теология факультеті

image

«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»

Факультетімізде студенттерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырысымен дайындалған деректі фильм көрсетілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын құрметтеуін қалыптастыру және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Фильм көрсетілімі барысында факультетіміздің Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Қыпшақбаев Нұрперзент сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында деректі фильмнің маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамда орын алып жатқан түрлі құқық бұзушылықтардан аулақ болудың маңызын атап өтіп, жастарды заңға құрметпен қарауға шақырды.

Көрсетілген фильм студенттерге ерекше әсер қалдырып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға оң ықпал етті. Білім алушылар заң мен құқықтық нормаларды терең түсіну қажеттігін ұғынып, өз ойларын саралай білді.

Іс-шара соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісті.

Осындай мазмұнды шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және жауапкершілік мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосады.