«Ардагерім – ардағым» рухани кеші өтті
«Ардагерім – ардағым» рухани кеші өтті
Университетіміздің волонтерлары мен Теология факультетінің белсенді студенттері Шымкент қаласында орналасқан №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы барып,
«Ардагерім – ардағым» тақырыбында мазмұнды рухани кеш ұйымдастырды.
Шара барысында студенттер ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлап, жүрекке жылу ұялататын әсерлі бағдарламасын ұсынды. Кеш мазмұны жан-жақты әрі үйлесімді түрде ұйымдастырылып, поэзиялық оқулар, домбыра әуендері, көркем би, әсем әндер мен күй тарту арқылы көрермендердің ықыласына бөленді.
Әрбір қойылым ардагерлердің көңілінен шығып, олардың жүрегіне жылу сыйлады. Студенттердің өнері мен шынайы ықыласы кештің мәнін арттыра түсті.
Шара жоғары деңгейде өтіп, ерекше рухани әсер қалдырды.
Кеш соңында мекеме басшылығы студенттерге алғыс білдіріп, олардың игі бастамасына жоғары баға берді.
Осындай тағылымды кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастардың бойында құрмет пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастырады.