AI-JAN және QMind жобалары республикалық деңгейдегі форум



Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» кешенінде өткен «Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форумға университетіміздің AI-JAN және QMind стартап жобалары қатысты.
Бұл іс-шараға Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен, облыс әкімдігі мен полиция департаментінің қолдауымен білім беру саласының 1000-нан астам өкілі, мектеп психологтары, аудан және қала әкімдері мен құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды.
Форумға қатысуымыз кездейсоқ емес.
Буллинг, психологиялық қысым, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайы, алдын алу тетіктері —
дәл осы мәселелер AI-JAN мен QMind жобаларының негізгі миссиясы.
AI-JAN — буллингтік тәуекелдерді ерте анықтауға және профилактикалық шешімдер қабылдауға арналған анонимді AI-жүйе.
QMind — тұлғаның психологиялық жай-күйін кешенді бағалауға мүмкіндік беретін цифрлық шешім.
Университетіміздің стартаптары қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, білім беру ортасындағы профилактикалық жұмысты жаңа деңгейге көтеретін тиімді құрал ретінде танылды. Цифрлық және жасанды интеллектке негізделген шешімдер — бүгінгі күннің нақты қажеттілігі.