AI-JAN жобасын пилоттық енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде



Түркістан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментімен бірлесіп Түркістан қаласындағы мектептердің оқушыларымен жобаны пилоттық енгізу бойынша кездесу өтті.
Платформа оқушылардың психологиялық ахуалын талдайды, қауіп белгілерін анықтайды, анонимді кеңес береді және қажет болған жағдайда мамандарға хабарлау тетігін ұсынады. Сонымен қатар, буллингтің түрлері мен құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат береді.
AI-Jan жобасы - мектеп ортасында қауіпсіз психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған цифрлық шешім. Пилоттық кезеңнен кейін жоба білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен енгізілетін болады.