«Қаржылық қауіпсіздік: цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңді AI хакатонның ресми ашылуы өтті.



Хакатонның мақсаты – цифрландыру жағдайында қаржылық қауіпсіздікті нығайту, жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, университет ректоры Жанар Темірбекова және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы сөз сөйледі.
Іс-шараның іріктеу кезеңі бастау алып, Оңтүстік өңірдегі Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Шымкент, Алматы, Астана қалаларынан мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғары оқу орындарының білім алушыларынан құралған 120-ға жуық команда қатысуға өтінім берді. Жалпы саны 400-ге жуық қатысушы тіркеліп, өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды.