❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Тіл, жад және болмыс: Түркі дүниесіндегі түрік тілінің бірлестіруші қызметі

  • 11.02.2026 16:00
  • онлайн

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен док., проф. Осман Мерттің «Тіл, жад және болмыс: Түркі дүниесіндегі түрік тілінің бірлестіруші қызметі» атты онлайн-конференциясы өткізілді.

       Конференцияға Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұжымы, университетіміздің ректор өкілі док., проф. Нажи Генч, Түркия Республикасының Түркістандағы бас консулы Левент Гүржан, док., проф. Абдулкадир Өзтүрк, PhD Бауыржан Сайфунов  және студенттер қатысты.

Док., проф. Осман Мерт конференция барысында түрік тілінің тарих бойында атқаратын біріктіруші рөлін, тілдің сыртқы факторлардан қалай әсерленетінін және сандық дәуірдегі жаңа байланыс формаларының тілге ықпалын талқылады. Ол тілдің тек коммуникация құралы емес, ұрпақтар арасындағы көпір, мәдени естелікті сақтаушы және жеке әрі ұжымдық тұлғаны қалыптастырушы құрал екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, конференцияда қазақ, өзбек, қырғыз, түрік, тәжік және әзірбайжан халықтарының ортақ тарихи тәжірибесі, 234 тілдің жойылуы және тіл үйрену мен мәдениетті меңгеру арасындағы айырмашылық мәселелері де қаралды. Док., проф. Осман Мерт тілдің ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтудегі және қоғамдық есте сақтауға қосатын үлесін, сондай-ақ қазіргі цифрлық әлемдегі рөлін жан-жақты түсіндірді.

        Семинар соңында Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Док.,доц. Халил Четин қатысушыларға өз ой ойларын ашық айтып, белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.