❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Адалдық пен ұят: жоғалып бара жатқан құндылықтар»

  • 13.04.2026 10:00
  • Теология факультеті

image

Тілекеева Балайым студент жастарға арналған «Адалдық пен ұят: жоғалып бара жатқан құндылықтар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы адалдық пен ұят ұғымдарының маңызы, олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және қоғамдық қатынастардағы орны кеңінен талқыланды. Студенттер тақырып аясында өз ой-пікірлерін білдіріп, күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, ашық пікір алмасты.

Тәрбие сағатының мақсаты – жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Кездесу барысында адалдық пен ұяттың әр адамның өмірінде маңызды орын алатыны, бұл құндылықтардың қоғамның дамуы мен тұрақтылығына тікелей әсер ететіні атап өтілді.