❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі»

  • 01.09.2026 15:48
  • Экономика, қаржы және есеп кафедрасы

image

1 қыркүйек – Білім күніне орай білім алушылардың қатысуымен «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Конституцияның маңызы, адам құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және Әділетті Қазақстан құндылықтары талқыланды. Білім алушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

Экономика, қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. профессор Г. Азретбергенова білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу барысына сәттілік тіледі. Топ кураторы С.С. Тілеуова Конституцияның негізгі қағидаттарына тоқталды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша білім алушылардың сабаққа толық қатысуы және оқу тәртібін сақтау қажеттілігі айтылды.