❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі»

  • 01.09.2026 12:00
  • Лесбек Ташимов атындағы зал

image

1 қыркүйек күні Лесбек Ташимов атындағы залда Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында танымдық дәріс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, еліміздің құқықтық негіздері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Танымдық дәрісті Тарих кафедрасының доценті, PhD Б.С. Сыздық жүргізді. Дәріс барысында Қазақстан Республикасындағы конституциялық дамудың негізгі кезеңдері мен қазіргі конституциялық реформалардың бағыттары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, Конституцияның қоғамдағы тұрақтылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында білім алушыларға еліміздегі саяси-құқықтық өзгерістерге қатысты маңызды түсіндірмелер беріліп, Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәріс барысында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Осындай танымдық іс-шаралар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және елдің қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында қатысушылар Конституцияны құрметтеу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – әр азаматтың маңызды міндеті екендігін атап өтті.