❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Университет пен Hangzhou Hikvision Digital Technology Co. компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

  • 29.06.2026 14:00
  • Халықаралық қазақ-түрік университеті

image

Жаңа стратегиялық серіктестік!

Университет пен Hangzhou Hikvision Digital Technology Co. компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Ынтымақтастық аясында:

 Бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру;

Тәжірибе алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру;

Форумдар, көрмелер және іскерлік іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру;

 Пилоттық жобаларды іске асыру және озық технологияларды енгізу.

Бұл серіктестік университетіміздің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.