❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

№3 ұлдар жатақханасында бақылау жұмыстары жүргізілді

  • 13.09.2026 11:05
  • № 3 жатақхана

image

13 қыркүйек күні Экономика және басқару факультетінің жауапты қызметкерлері №3 ұлдар жатақханасында жоспарлы тексеру және бақылау жұмыстарын жүргізді.

Бақылау барысында бөлмелердің санитарлық жағдайы, тазалығы, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы және қауіпсіздік талаптары назарға алынды. Сонымен қатар білім алушылармен жатақхана тәртібін сақтау және ортақ мүлікке ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.