Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті



Экономика және басқару факультетінде Ұстаздар күніне орай оқытушыларды құттықтауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушылар ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп, олардың білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбектеріне алғыс айтты.
Мерекелік кездесу көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді.